Мақтааралдық кәсіпкер 5 мың медициналық масканы тегін таратты

Мақтааралдық кәсіпкер 5 мың медициналық масканы тегін таратты

Мақтааралдық кәсіпкер 5 мың медициналық масканы тегін таратты
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Азала текстиль» фабрикасы мен «Мырзакент» мақта өңдеу зауытына иелік ететін «Мырзакент-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамалов Бауыржан Салдарұлы 5 мың медициналық бетпердені тегін таратып, 14 отбасыға азық-түлік үлестірді. Nur Otan партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» акциясы Мақтаарал ауданында жалғасын табуда. Аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов: «Еліміздегі ең ірі тігін кәсіпорны саналатын Шымкент қаласындағы «Азала текстиль» фабрикасына шикізатты ауданымыздағы «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты жеткізеді. Сондықтан таратылып жатқан медициналық бетперделердің барлығы да Мақтааралдың мақтасынан жасалғанын атап өткен жөн. Қазіргі таңда ауданымызда 7 тігін шеберханасы күніне 4 мыңнан астам бетперде тігіп, 17 дәріханаға 70-80 теңгеден өткізеді. Өз кезегінде дәріханалар өнімнің бағасын 100-120 теңгеден асырмауы тиіс», – деді Сәкен Асылханұлы. Сонымен қатар акция аясында негізінен карантин жарияланған Атакент кентінде тұратын аз қамтамасыз етілген 14 отбасыға тегін медициналық бетперделер мен азық-түлік үлестірілді.