23 Сәуір, 17:41 394 0 Білгенге маржан Túrkistan Gazeti

Өзіңді-өзің тәрбиелеу – өмір талабы

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі мен  ата-ана тәрбиесінің өзектілігі қашан да мән-маңыздылығын жоймайды. Қоғамда қандай да бір жағдайлардың орын алып жатқанына көп ретте өзімізді емес, өзгені кінәлап, бәріне бітпейтін өкпе-назымызды білдіріп, еңсемізді түсіріп алып жататынымыз да рас. Ойланып қарасақ, сол орта, сол қоғам әрбір адамзат баласының тікелей қатысуымен қалыптасады. Демек, әр адам өзінің кемел келешегіне барар жолда өзін-өзі үнемі дамытып, ізденіс жолында аянбай еңбектеніп жетілдіріп отырған жағдайда ғана биіктерді бағындыратыны сөзсіз. Бір ғана мысал, Елбасымыздың өмір  жолын алып қарасаңыз, әрбір тынымсыз тірлігі, ерінбей еңбектенуі – жетістікке жетер жолының капиталы болғандығын аңғару қиын емес. Осыны тұңғыш Президентіміз жастармен кездескен әрбір сағаттарында әңгіме арқауына айналдырады. Міне, бүгінгі таңда да Елбасын ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету бағытында аса бір тәрбиелік мәнге ие арнайы жоба жұмысы талқылануда. «Бала жетістігі» бағытындағы арнайы жоба аясына  баланың балалық шақта өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары енеді. Баланы жастайынан  кітап оқуға, жақсы музыка тыңдауға, үлкендерді құрметтеуге үйрету, өз бетінше ақпарат ағынын басқаруға, оны тексеруге және құрылымдауға үйрету – заман талабымен қатар, әрбір ата-ананың борышы да.

Ата-аналар баланың жетістіктерін көтермелеп, қателіктерге бой алдырмауға бағыттау керек. Балаға таңдау және дауыс беру құқығын беріп, оның жеке кеңістігін құрметтей білуге үйрену, баланың қиялы мен ойлау қабілетін дамыту сынды маңызды жайттар арқылы біз мықты тұлға қалыптастыра алуымызды түсінуге болатындай. Елбасы - қарапайым отбасынан шыққан, бала кезінен табандылығының арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Ал, ол өмір мектебі – бүгінгі ұрпаққа үлкен үлгі!

 

Әсел Жақсыбай

 

Соңғы жаңалықтар