23 Сәуір, 12:38 316 0 Өнер Анар ЛЕПЕСОВА

Қиындықта көрген қамқорлық ұмытылмайды

 Шағын және орта бизнес өкіл­деріне қазіргідей күрделі кезеңде мем­лекет тарапынан қолдау көр­се­тіліп отырғаны үлкен демеу. Біз ка­рантин кезіндегі ахуалын білу мақ­сатында ұлттық бұйымдар жа­сай­тын EL-QUTKZ ЖШС директоры Қай­нар Кемелбекұлына хабар­лас­қан едік.

 Ұлттық қолөнер бұйымдарын әлемдік брендке айналдырсақ

Әлемдегі ұлт пен ұлысты, адам мен адам­ды теңестіретін нәрсе өнері мен білімі болса, ал оларды даралап айшықтап көрсететін нәр­се – ұлттық құндылық, әдет-ғұрып, салт-дәс­түр. Демек, өзегіне құрт түспеген, мәйегін был­ғамаған халықтың болашағы нұрлы, ғұ­мыры ұзақ болмақ. Мұнымен не айтқым ке­л­еді? Өйткені біздің қазіргі айналысып отыр­ған шаруа халқымыздың ұлттық құн­дылығын дәріптейтін сала және біздің алға қой­ған мақсатымыз – сан ғасырдың сыны­нан сүрінбей өткен, ұрпақтан-ұрпаққа жал­ға­сып келе жатқан көмескіленіп қалса да көр­кі көз тартатын жауһар құндылығымыз ұлт­тық қолөнерімізді әлем таныған брендке ай­налдыру.

2016 жылы қыркүйекте бір жарым жыл на­рықты зерттей отырып, қолөнер кә­сі­бі­міздің алғашқы іргетасын қаладық. Құжат­тар дайын болғанша жұмысты отбасымызда бастадық. 2017 жылдың сәуір айында жеке кәсіпкер (ИП) ретінде тіркелдік. Нұр-Сұлтан қа­ласы BIG Шанхай сауда үйінен бір дүкенді жалға алып өз жұмысымызды бастап кеттік. Көбінде ұлттық бұйымдарды жасап сатумен ай­налысудамыз. Құдайға шүкір, жылдан-жыл­ға қарлығаштың қанатымен су сеп­ке­нін­дей болса да, ілгерілеу бар.

Өткен жылы наурыз айында шаруа­шы­лық­тың ИП мәртебесін өзгертіп EL-QUTKZ ЖШС-не айналдырдық. Бір дүкеніміз тағы бір сату орны және бір кіші тігін салонымен то­лықты.

Біз өз өнімімізді насихаттау арқылы ұлт­тық қолөнер кәсібін де насихаттап ке­ле­міз. Шаруа отбасылық бизнес болған­дық­тан, көп нәрсе отбасы мүшелерінің жеткен же­тістіктерімен өлшенді. Әкем мен анам 2018-2019 жылдары қатарынан екі жыл Қа­зақ­станда телерадио корпорациясы «Ба­ла­пан» телеарнасы «Алтын қазық» этнота­ным­дық бағдарламасына қатысып, балаларға ұлт­тық құндылықтарымызды насихаттады. Со­нымен қатар ұлттық бізкесте өнері, байыр­ғы шикілем тоқу өнері, қазақтың ат әб­зелдерін жасау, өрім өнері қатарлы қазақ­тың қолөнері және дастарқан мәдениеті, киізүй тігу мәдениеті секілді 25 түрлі құн­дылықтарымызды 26 бөлімге кірістіріп, бү­кіл қазақ еліне таныстырумен бірге елі­міз­дің алтын қорына бабалар мұрасының қо­сылуына өз үлесін қосты.

Қазақта «базар бір, бақ бөлек» деген сөз бар. Сол айтқандай, кейінгі кездері бәсеке­лес­тіктің дамығаны рас. Оған қуану керек, бәсе­ке болған жерде сапа және өсу болады. Істеп отырған жұмысыңа деген сенімділік оя­нады. Осыған байланысты халықтың сұра­нысы күннен-күнге артпаса кеміген жоқ. Өйткені қазір Қазақстанда рухани жаң­ғыру мен қайта түлеу, ұлттық құнды­лық­қа көңіл бөлу кезеңі жүруде. Сондықтан сұра­ныс толастамайды деп айтуға әбден бо­лады.

Ұлттық өнерді ұлықтауға ықылас мол

Өткізген көрмелерім біршама бар. Мә­селен, 2017 жылы EXPO көрмесіне қатыстық. С­о­нымен қатар Дүниежүзі қазақтары қауым­­дастығының Нұр-Сұлтандағы бөлі­мі­мен бірге Хан шатыр сауда кешенінің ал­дына жаз бойы екі киізүй тігіп, шетелден отызға жуық шеберлер шақырып, мастер клас­тар өткіздік. 2018 жылы наурызда ке­зек­ті Дүниежүзі қазақтарының қауым­дас­тығымен бірге халықаралық қазақ қолөнер шеберлерінің байқауы мен көрмесін өткіздік. Еліміздің ең үлкен байырғы жәдігерлер орталығы Ұлттық музейге 300 жыл болған 15 түрлі экспонаттың өз Ота­нына оралуына, тегін өткізуге біздің шаруа­шылық бар күшін салды. Қазақтың шетте қалған төл мұрасын өз елімізге қостық. Одан басқа да азды-көпті көрмелерге қа­ты­сып, бәріне тегін мастер кластар өткіздік. Қа­зірге дейін алыс-жуықта біраз шәкірттер тәр­биелейміз. Осылайша өзіміздегіні елі­мізге берумен бірге өнерімізді де әйгіледік.

42 500 теңгенің  өзі үлкен көмек

Елімізде төтенше жағдай жариялануына бай­­ланысты сату жұмысы жалпы тоқтап тұр. Арасында Online сауда жасаған боламыз. Де­се де, өнім өндіру жұмыстары үйде, өз от­­­басымызда жүріп жатыр.

Карантин кезінде ел қатарлы мемлекет та­ғайындаған бір реттік 42 500 теңгені ал­дық. Әрине, бұл ретте мемлекетке осындай қолдау үшін алғыс айтамын.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев­тың шағын және орта бизнеске қолдау көр­сетеміз деген үндеуінен жалпы шағын кә­сіпорындардың үміті зор. Президенттің үн­деуінде айтылған тетіктер дұрыс жүзеге ас­са деген үмітпен отырмыз.

Соңғы жаңалықтар