Қарағандыдағы ұшақ апатына қатысты толық ақпарат жарияланды

Қарағандыдағы ұшақ апатына қатысты толық ақпарат жарияланды

Қарағандыдағы ұшақ апатына қатысты толық ақпарат жарияланды
ашық дереккөзі
Қарағанды қаласы маңында апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилко басқарған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте айтылған.  Ведомствоның хабарлауынша, екеуі де тәжірибелі әскери ұшқыштар. А. Құрманғалиевтің жалпы ұшу уақыты 888 сағат болса, ал И. Гаврилконыкі -1161 сағатты құрайды. Апат орнына бірінші болып жеткен Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі ұшқыштарға алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына эвакуацияланды. Қазіргі кезде ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер біреуінің жағдайын қанағаттанарлық, екіншісінікі орташа ауырлықта деп баға беруде. Қорғаныс министрлігі тағайындаған комиссия апаттың мән-жайын анықтайтын болады. Апат орнына Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы мен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ұшып кетті. Апатқа ұшыраған ұшақ 1991 жылы шығарылған. Бұл МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы төртінші рет апатқа ұшырауы. Бұдан бұрынғы оқиғалар 2007, 2008, 2013 жылдары болатын. Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз.