Алматыда үй өртеніп, екі адам көз жұмды

Алматыда үй өртеніп, екі адам көз жұмды

Алматыда үй өртеніп, екі адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматыда үйден өрт шығып, екі адам мерт болды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.  Оқыс оқиға 12 сәуір күні Медеу ауданында болған. Өрт сөндіру қызметіне Сазановская көшесіндегі № 68 үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар сағат 21:08 – де түскен. «Өрт сөндіру бөлімі өрт шыққан жерден 1,5 км қашықтықта орналасқан. Сондықтан алғашқы бригада 5 минутта жетті. Осы уақытта үй отқа оранып үлгерген. Құтқарушылар жанып жатқан үйден екі адамды алып шықты. Олар 1998 жылы туған ер адам және 1989 жылы туған әйел адам»,– делінген хабарламада. Екеуі де бірден дәрігерлердің қолына табысталғанмен, аман алып қалу мүмкін болмады. Өрт 15 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды ауыздықтауға 21 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды.