Адамзат тарихындағы пандемиялар

Адамзат тарихындағы пандемиялар

Адамзат тарихындағы пандемиялар
ашық дереккөзі
Юстиниан обасы (65 - 100 миллион адам)  width= Деректер бойынша, обаның тарау ошағы Эфиопия мен Мысыр. Артынша ауру сауда-саттық арқылы Константинопольге, одан әрі солтүстік, оңтүстік және шығыс Византияға жеткен. Оба мұнымен тоқтамады. Солтүстік Африка, бүкіл Еуропа елдері, Орталық және Оңтүстік Азия, Араб елдері де дерттің құрбаны болған. Юстиниан обасы б.э.д. 541 жылы басталып, жобамен 91 миллион адамның өмірін қиған алғашқы пандемия болды. Аталған ауруға эпидемия жұқтырған, бірақ тірі қалған Рим императоры Юстиниан I-нің есімі берілді. Тарихшылар эпидемия сол кезде әлем халқының 13% -на дейін жойды деп санайды. Испан тұмауы (75 - 100 миллион адам)  width= Тұмау соғыспен тұспа-тұс келгендіктен нақты адам шығынын есептеу, ғалымдарға қиынға соғып отыр. Кей болжаушылар адам шығыны 100 млннан асып жығылатынын айтады. 1-ші дүниежүзілік соғыс кезінде Тынық мұхит аралдарынан Арктикаға дейінгі жерлерді қиратқан 1918 жылғы испан тұмауы әлемдегі екінші ірі індет болды. Осы H1N1 тұмауы вирусы гиперцитокинемияны тудыратындықтан, ауру тек иммундық жүйесі әлсіз балалар, қарттар ғана емес, сонымен бірге толығымен сау адамдарға да әсер етті. Болжам бойынша 1918-20 жылдар аралығында, тұмауды жұқтырғандар саны 550 млн адамға жеткен. Гиперцитокинемия - бұл иммундық жүйенің өлімге әкелетін реакциясы, ол қабынудың фокусындағы цитокиндермен иммундық жасушалардың бақылаусыз активтенуінен тұрады. Тұмаудың «Испанка» аталуы, Испанияда пайда болғаны үшін емес, Испания бірінші болып тұмауды «мойындағаны» үшін солай аталып кетті. Тұмаудың қайдан бастау алғанын басып айту қиын. Бұл тізімде АҚШ пен Қытай алда тұр. Кейбір зерттеушілер пандемия Франциядағы әскери лагерьдегі ауруханада жануарларға (құстарға, шошқаларға) мутацияланған вирус жұқтырғаннан кейін басталған деп санайды. Бубон обасы (80-100 млн.)  width= «Қара өлім» деп те аталады, тұмау обасы 1346 жылдан 1353 жылға дейін созылды және адамзат тарихындағы ең жойқын пандемияға айналды. Тіпті кей деректе 200 млн-нан асып жығылады дейді, адам шығыны. Осы жылдары жобамен Еуропаның барлық халқының 30-60% -ы қырылды. Оба экономикалық, әлеуметтік және діни әсерлері орасан зор болды. Ортағасырлық адамдар оба Құдайдың жазасы деп санады және ауруға діни сипат берді. Осыдан кейін еврейлер, шетелдіктер мен сығандар елден қуылды. Бір қызығы, діни фанатизмнің артуына қарамастан, дәрігерлер арнайы артықшылықтарға ие болды: мысалы, обадан қайтыс болған адамның мәйітін ашуға рұқсат, ал күнделікті өмірде аутопсия заңмен қудаланды. Індет Еуропаға XIX ғасырға дейін қайтып келмеді. Бұл тарихтағы алғашқы обаның емделетін түрі болды (обаға қарсы вакциналар ойлап табылды).