Төтенше жағдай кезінде той жасағандар жауапқа тартылды

Төтенше жағдай кезінде той жасағандар жауапқа тартылды

Төтенше жағдай кезінде той жасағандар жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында 17 тұрғын төтенше жағдай кезінде үйінде 50-ден астам адам шақырып той жасағаны үшін жазаға тартылды. «Төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде ұжымдық, отбасылық, барлық жиындарға, көрші, туған-туыстарға баруға тыйым салынған. Соған қарамастан 17 адам үйлерінде саны 50-ден асатын адам жинап той өткізген. Оның екеуі Қызылорда қаласында тіркелсе, аудандар бойынша Аралда – 2, Қазалыда – 5, Қармақшыда – 3, Жалағашта – 1, Шиеліде – 2, Жаңақорғанда – 2 жағдай кездесті», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қызылорда облысы бас санитарлық дәрігерінің 7 сәуірдегі кезекті №7 қаулысына сәйкес, облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 8-і сәуір түнгі сағат 00:00-ден бастап тұрғындар мен көлік қозғалысына шектеу қойылды. Алайда қойылған талапты орындамаған 28 азамат кездесіп, олардың рұқсатсыз блокпосты айналып өткені анықталды. Бұл жағдайдың 11-і Аралда кездессе, Қазалыда – 4, Қармақшыда – 1, Байқоныр өкілдігінде 12 жағдай тіркелді. Еске салсақ, Қызылорда облысында қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған қазір 104 адам тіркелген.