Алматы дәріханаларында дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған

Алматы дәріханаларында дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған

Алматы дәріханаларында дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова қаладағы 5 дәріханада дәрі бағасы заңсыз көтерілгенін айтты.  Алматы бойынша ТЖ жағдайында әлеуметтік маңызы жоғары 103 дәрілік заттың атауы тізімделген. Онлайн брифинг барысында департамент басшысы: «Осы  103 дәрілік заттың бағасын көтермеу жайлы қалалық әкімдік пен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының арасында меморандумға қол қойылған. Алматы әкімдігі мен департамент қызметкерлері қаланың 8 ауданында күнделікті бағаларға мониторинг жүргізеді», – деп атап өтті. Тексеру нәтижесінде 135 дәріхананың бесеуінде дәрі бағасын негізсіз көтерілгені анықталды. «5 дәріханада дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған. Бұл меморандум мен бірқатар заңнаманы бұзу болып табылады. Дәріхана ұйымы басшысына хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды. Оларға 97 мың мен 235 мың теңге аралығында айыппұл қарастырылған», – деді Айзат Молдақасымова.