Covid-19: бұл індетті саясиландыруды тоқтату керек – ДДСҰ басшысы

Covid-19: бұл індетті саясиландыруды тоқтату керек – ДДСҰ басшысы

Covid-19: бұл індетті саясиландыруды тоқтату керек – ДДСҰ басшысы
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ДДСҰ жұмысын қорғап, Covid-19-ды саясиландыруды тоқтату керек екенін айтты, – деп жазды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. ВВС мақаласында, әсіресе, АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан агенттікке қарсы пікір жиі айтылып жүргені жазылған. Сонымен қатар Трамп БҰҰ үшін америкалық қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеген болатын. Тедрос Адханом өз сөзінде вирусты саясиландыруды доғарып, әлем елдерін ынтымақтастық танытуға шақырды. «Бұған дейін Трамп ДДСҰ әрекеттері Қытайды қолдауға бағытталғанын айтып мін тақты. Ал ДДСҰ басшысы ұйымның барлық ұлттарға жақын екенін айтты», – деп жазады басылым. Автордың айтуынша, сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ДДСҰ-на қаржыландыру көзін әкімшілік қайта қарастырып жатқанын, ұйым өз міндеттерін дұрыс орындауы керек екенін айтқан. «Covid-19 алғаш рет Ухань қаласында пайда болды. ДДСҰ басшысы ұйымның Қытаймен вирус табиғатын түсіну үшін ғана тығыз байланыста болғанын айтты. Тедрос өз сөзінде мемлекеттер арасында бірлік болуы керегін айтып, Covid-ті саяси көзқараста пайдаланбауға шақырды», – деп жазады басылым.