БҚО-да 391 адам транзиттік жүк көлігімен шекарадан өткен

БҚО-да 391 адам транзиттік жүк көлігімен шекарадан өткен

БҚО-да 391 адам транзиттік жүк көлігімен шекарадан өткен
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында кеше 391 адам транзиттік жүк көлігімен шекарадан өткен. Бұл туралы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев айтты. Бұдан бұрын мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы БҚО-да жүк тасымалымен айналысатын 25 және 27 жастағы өзбекстандық екі азаматтан коронавирус анықталғанын хабарлаған болатын. М.Арыспаевтың айтуынша, коронавирус жұқтырған осы екі адаммен бірге Мәскеуден Ташкентке бет алған сол көлікте тағы бір өзбекстандық жүргізуші болған. Одан коронавирус жұқпасына алынған тест теріс нәтиже көрсетті. Бірақ ол провизорлық ауруханаға жатқызылды, дәрігерлердің бақылауында. Коронавирус жұқтырған екі адаммен байланыста болған үш эпидемиолог та тексеруден өтіп, сынамасы теріс нәтиже көрсетті. «Күні бүгін облыста 119 адам карантинде жатыр. Соның ішінде алты науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатса, 59 адам карантиндік стационарда, 54-і провизорлық госпитальда бақылануда», – деді М.Арыспаев. М.Арыспаевтың сөзіне қарағанда, транзиттік жүк көліктері қалаға кірмейді, жол-патрульдік полицияның көмегімен айналып өтеді.