Иранда коронавирус құрбандарының саны 4 мыңнан асты

Иранда коронавирус құрбандарының саны 4 мыңнан асты

Иранда коронавирус құрбандарының саны 4 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 66 мыңнан асып жығылды. Науқастардың 4,1 мыңы көз жұмған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Киануш Джаханпур мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. «Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1634 жаңа жағдайы тіркелді. Осылайша елімізде індетке шалдыққандардың жалпы саны 66 220-ға жетті», - деді министрлік өкілі IRINN телеарнасының эфирінде. Киануш Джаханпурдың дерегінше, вирус жұқтырғандардың 32 309-ы емделіп шыққан. Алайда соңғы тәулікте коронавирустан 117 адам көз жұмыпты. Елдегі індет құрбандарының жалпы саны – 4110 адам. Айта кетейік, Қазақстанда 764 адам коронавирус жұқтырды. Науқастардың жетеуі көз жұмды. 55 адам дертінен айығып, ауруханадан шықты.