8 Сәуір, 20:43 3043 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Әкесінің шаруа қожалығынан мал ұрлап істі болды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Алматы облысы Кеген ауданының полицейлері бірнеше рет бөтеннің қорасынан қой ұрлап, оны заңсыз саудалаумен айналысқан үш күдіктіні ұстады, – деп жазды ҚазАқпарат. 

Кеген аудандық Полиция бөлімінің кезекші бөліміне түнгі уақытта белгісіз біреулердің қойларын ұрлайтындығы туралы жергілікті тұрғындардан бірнеше арыз келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктілердің 19 жастағы жергілікті азаматтар екендігі анықталды. Олар істеген ісін толығымен мойындап, одан өзге бірнеше ұрлыққа қатысы бар екенін жайып салды.

Сонымен қатар, топ мүшелерінің бірі әкесінің шаруа қожалығынан ұрлық жасауға көмектескен. Барымташылардың айтуынша, олар бұл іске ақша үшін барған. Қойларды жергілікті тұрғындарға сатып, ақшаны бөліске салғаннан кейін, алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар