8 Сәуір, 19:00 323 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Президент «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» жарлыққа қол қойды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі №299 Жарлығына қол қойды, – деп хабарлады Ақорда.

Әлемдік экономикадағы қазіргі жағдайды, тауар нарығындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды.

Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіз болып табылды.

Соңғы жаңалықтар