Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің жиынына қатысады

Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің жиынына қатысады

Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің жиынына қатысады
ашық дереккөзі
ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер министрлерінің келіссөздері 9 сәуірде бейнеконференция арқылы өтеді, деп хабарлайды  Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан ОПЕК+ келісімі шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындай отырып, әрдайым сындарлы диалогты қолдайды. «Алдағы келіссөздердің қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенеміз», - деп хабарлайды минитсрліктен. Бұл ретте әлемдік мұнай нарығында байқалатын теңгерімсіздік тек ОПЕК+ елдерінің ғана күш-жігері жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Қалыптасқан жағдай нарықтың барлық қатысушыларының белсенді қатысуын қажет етеді.