7 Сәуір, 15:41 377 0 Саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Мемлекет басшысы әкімдерге азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

Сурет интернеттен алынды
Сурет интернеттен алынды

Мемлекет басшысы Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуді тапсырды. 

«Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек. ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың «шекті бағасы» сақталуға тиіс», деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Президент елордаға және өңірлерге азық-түлік жеткізумен айналысатын көлік-логистикалық орталығының жұмысымен танысқанын хабарлағанбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар