Қашықтан оқытудың форматы мен кестесін мұғалімдер өздері таңдайды – вице-министр

Қашықтан оқытудың форматы мен кестесін мұғалімдер өздері таңдайды – вице-министр

Қашықтан оқытудың форматы мен кестесін мұғалімдер өздері таңдайды  – вице-министр
ашық дереккөзі
Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер өздеріне ыңғайлы кесте бойынша жұмыс істейді және олардан есеп беру талап етілмейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Мұғалім өзі үшін білім беру форматының бірнеше түрі бар екендігін білуі керек. Біз барлық оқушыны оқумен қамтуға тиістіміз. Негізгі ұстанымдарды мұғалімдер біледі, яғни күнделікті жоспарларында оқудың мазмұны, көлемі мен берілетін материалдардан хабардар. Осы материалдар балаға жеткізілуі тиіс», - деді вице-министр. Ш.Каринованың айтуынша, тиісті бұйырықта көрсетілгендей,  төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша тек бір жиынтық бағалау жұмысы болады және тоқсандық бағалау жүйесі қамтылады. «Осы қалыптастырушы бағалау жүйесінде оқушылармен кері байланыстың арқасында мұғалім әр оқушының сабақты меңгерген дейгейін өз үшін бақылап отырады. Осы үш форматты пайдаланған жағдайда да бірінші кезекте мұғалімдердің ескеретіндігі – ол барлық шаралар педагогтың өзінің шығармашылық шешімдеріне баланысты болады. Қашықтан оқыту кезінде ешбір күштеу немесе есептілік сұрау қарастырылмайды. Бұл тұрғыда мұғалімдер ыңғайлы әрі икемді сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Осының аясында ұстаздар сабақтың мазмұнын, пәннің толыққанды көлемін беруге тиісті», - деді министрдің орынбасары.