Испанияда коронавирустан көз жұмғандар саны 11 мыңнан асты

Испанияда коронавирустан көз жұмғандар саны 11 мыңнан асты

Испанияда коронавирустан көз жұмғандар саны 11 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Испанияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 11 025 адамға жетті. Індеттен көз жұмғандар көрсеткіші жөнінен бұл ел Еуропа бойынша үшінші орында тұр. Вирусты жұқтырғандардың көбі Мадридте тіркелген –34 188 адам. Екінші орында Каталония тұр – 23 460 адам. Бұл елде COVID-19-бен күрестің жақсы нәтижелер беріп, жаңа жұқтыру жағдайларының айтарлықтай төмендеуі байқалғанына қарамастан, Испания үкіметі қатаң оқшаулау шараларын алып тастауға асықпайды. Ел билігі карантинді 26 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 569-ға жетті.   Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 115 адам, Қарағанды облысында - 31 адам, Ақмола облысында - 23 адам, Атырау облысы - 23 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 31 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 29 адам, Қостанай облысында - 1 адам тіркелді.