Білім министрі оқушыларды онлайн оқытуға кедергі келтіретін факторларды атады

Білім министрі оқушыларды онлайн оқытуға кедергі келтіретін факторларды атады

Білім министрі оқушыларды онлайн оқытуға кедергі келтіретін факторларды атады
ашық дереккөзі
Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференцияда оқушыларды интернет арқылы оқытуға кедергі келтіретін факторларға тоқталды.  «Оқушыларды қашықтан оқытудың бесінші тетігі – интернет арқылы оқу. Қалада оқитын балалар саны – 2 миллион. Аудан орталықтарында оқитын оқушылар саны 500 мыңға жуық. 2,5 миллион оқушы ғана интернет арқылы оқиды деп ойламаймыз. Желінің сапасы, компьютердің интернет желісіне қосылуы мәселесі бар. Интернет арқылы жұмыс істеу өте ыңғайлы болады», - деді ҚР Білім және ғылым министрі.  Десе де, білім берудің бұл тетігін пайдалануға бірнеше кедергі бар.  «Бірінші – компьютердің жетіспеушілігі. Екінші – елді мекенде техникалық мүмкіндік болса да, ол оқушылардың үйінде интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ. Осы мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Мектеп балансындағы компьютерлерді оқушыларға уақытша бердік. Қазіргі уақытқа дейін 120 мың компьютер мектеп балансынан ата-аналарға беріліп отыр. Ары қарай да біз осы жұмысты жалғастырамыз. Еліміз бойынша компьютер саны жеткілікті. Екіншіден, компьютерді қосымша сатып алу мүмкіндігіміз бар. Жергілікті атқарушы органдардың ұсынысына сәйкес, 79 870 компьютер сатып алу туралы жоспар бар. Оған тиісті қаржы бөлінді. Тиісті сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, Алматы қаласында 10 мыңға жуық компьютер осылай қамтамасыз етілді. Осы жұмыс Нұр-Сұлтан қаласында белсенді жүргізілуде», - дейді министр. Сондай-ақ, министр шалғай елді мекендерде тұратын оқушыларға білім беру үшін пошта қызметі пайдаланылатынын жеткізді.  Ал еліміздегі шағын жинақталған 1080 мектеп штаттық режимде жұмысын жалғастырмақ