3 Сәуір, 18:55 1145 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Елордада 5 жастағы бүлдіршін терезеден құлап кетті

Нұр-Сұлтан қаласында Петров көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде төртінші қабаттың терезесінен ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала кіреберістің маңдайшасына құлап кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Абырай болғанда, бала аман қалды. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауыр дәрежеде.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті осындай жазатайым оқиғалардың  алдын алу үшін азаматтардан мыналарды сұрайды: -

кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз;

- москит торына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;

- желдету кезінде баланың сіздің көз алдыңызда екеніне көз жеткізіңіз;

- барлық жиһазды, кереуеттерді, терезеден алшақ қойыңыз. Бұл баланың терезе алдына кездейсоқ мінуінің алдын алуға көмектеседі. 

Соңғы жаңалықтар