3 Сәуір, 12:42 437 0 Қоғам Анар ЛЕПЕСОВА

Коронавирус қанша спортшының өмірін қиды?

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 1 млн адамнан асты. Індеттен 50 мыңнан астам адам көз жұмды. 

Кеселден қайтыс болғандар арасында әлемнің белгілі спортшылары да бар.  Prosports.kz порталының хабарлауынша, коронавирус спортқа қатысы бар 12 азаматтың өмірін қиды.  

28 ақпан күні ең алғашқы болып ирандық футболшы қыз Ильхам Шейхи бақилыққа аттанған. Ол небәрі 23 жаста еді.

Араға он жеті күн салып, Иран және испаниялық екі футбол бапкері, ал ертеңіне «Фламенго» клубының қызметшісі Мариу Вериссиму ажал құшты.

20 наурызда екі испаниялық спорт журналисі өмірден озды. 21 наурызда «Реалдың» бұрынғы президенті Лоренсо Санс 76 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

23 наурызда «Эспаньол» клубының бұрынғы қақпашысы, бапкері болған 84 жастағы Бенито Хоанеганың өліміне коронавирус себепші болды.

Үш күннен кейін италиялық бұрынғы велошабандоз Данило Бароцци және «Витесс» командасының экс-президенті Кес Баккер фәниден өтті.

Жақында ғана «Марсель» клубының бұрынғы басшысы 69 жастағы Папе Диуф және Сент Джонс университетінің бұрынғы баскетболшысы Ли Грин 49 жасында коронавирустан көз жұмды. 

Соңғы жаңалықтар