31 Наурыз, 21:31 410 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Мемлекет басшысы: Дәрігерлер – бүгінгі күннің батырлары

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларға байланысты жариялаған мәлімдемесінде медицина қызметкерлерінің бүгінгі қайсар мінезі мен қалтқысыз қызметін ерекше атап өтті.

– Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық, – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар