31 Наурыз, 19:40 2083 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы халыққа үндеу жолдайды

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдайды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында: «Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды», – деп жазды.

Соңғы жаңалықтар