30 Наурыз, 19:05 760 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

COVID-19 жұқтырғандар саны үш жүзден асты

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302 болды, – деп жазды coronavirus2020.kz.

30 наурызда сағат 18:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтыруға қатысты тағы 8 оқиға тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 168 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында – 13 адам, Ақмола облысында – 9 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 8 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 5 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 302 науқас тіркелді.

Соңғы жаңалықтар