Дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсетілді

Дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсетілді

Дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Ел аумағында коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдай орнатылып, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қоғамдық тәртіпті қатаң бақылауға алынды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көпшілік қатысатын іс-шараларды тоқтатылып, жұмысшылардың басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеуге ауысты. Ал ақ халатты абзал жандар аталмыш індетпен алдыңғы шепте күресіп, күн-түн демей қайсар мінез танытып, қалқысыз қызмет қылуын тоқтатқан жоқ. Төтенше жағдай кезінде де тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп отырған Қалалық кардиология орталығының медицина қызметкерлері қазіргі таңда уақытша жатаханаға орналастырылған болатын. Орталықтың басшылығы «Медик» профсоюз ұйымымен бірлесіп осы жатақханадағы ақ халаттыларға азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек көрсетті. №14 Студенттер үйіне орналасқан Қалалық кардиология орталығының 80 қызметкері қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Орталық әкімшілігі бұл игі іс дәрігерлердің осындай қиын шақта бір-біріне деген қолдауы екенін айтады. Алдағы уақытта, яғни төтенше жағдай тоқтағанға дейін медицина мамандарына жәрдемдесу жоспарда бар екені де тілге тиек етілді.