Қазақстанда 72 сағаттық виза режимі уақытша тоқтатылды

Қазақстанда 72 сағаттық виза режимі уақытша тоқтатылды

Қазақстанда 72 сағаттық виза режимі уақытша тоқтатылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда иммигранттардың елге кіру және шығу тәртібіне өзгерістер енгізілді, – деп жазды primeminister.kz. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.