Елімізде тағы 14 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде тағы 14 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде тағы 14 адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында  індет жұқтырған 11 адам, Алматы қаласында  3 адам анықталды. Бұл туралы сoronavirus2020.kz сайтында хабарланды. "29 наурыз сағат 14:40-тағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 265 науқас тіркелді" - делінген хабарламада.