29 Наурыз, 12:58 839 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Атырауда коронавирус жұқтырған студент Алматыдан ұшып келген

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

«Алматы-Атырау» бағытындағы ұшақ жолаушысынан алынған тест оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

 29 наурызда Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы оқиғасы расталды. Атырауда індетке шалдыққан науқас 17 наурызда Алматыдан ұшып келген 20 жастағы студент болып шықты. Жас ер адам оқшауланып, аурухананың инфекциялық бөліміне жеткізілді.

Бұған дейін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың бес оқиғасы туралы хабарланған. Ауруға шалдыққан адамдардың барлығы қазіргі кезде ем алып жатыр.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. 

Соңғы жаңалықтар