Тәжікстаннан 26 қазақстандық елге оралды

Тәжікстаннан 26 қазақстандық елге оралды

Тәжікстаннан 26 қазақстандық елге оралды
ашық дереккөзі
Қазақстанның 26 азаматы Тәжікстаннан аман-есен елге оралды.  Олар мінген эвакуациялық ұшақ кеше Алматы әуежайына жеткен. Сондай-ақ С-295 әскери-көлік ұшағымен Шымкент қаласынан Тәжікстанға сол елдің 20 азаматы қайтарылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Елге оралған қазақстандықтардың арасында коронавирусты жұқтырғандар жоқ. Десе де, олар ережеге сәйкес тиісті медициналық тексеруден өтіп, карантинге орналастырылады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның әскери-көлік авиациясының көмегімен Сауд Арабиясынан 33, Кувейттен 2, Қырғызстаннан 21 қазақстандық жеткізілді. Сондай-ақ, Украинадан 76 қазақстандық елге жеткізілгенін хабарлағанбыз.