Сингапурда карантин тәртібін бұзушы азаматтығынан айрылды

Сингапурда карантин тәртібін бұзушы азаматтығынан айрылды

Сингапурда карантин тәртібін бұзушы азаматтығынан айрылды
ашық дереккөзі
Сингапур билігі үй карантині тәртібін бұзған тұрғынды азаматтығынан айырды. Ол шетелдік сапардан кейін 14 күн бойы оқшаулануы тиіс болған, деп хабарлайды The Straits Times басылымы. 53 жастағы азамат өткен айдың басында Индонезияның Батам қаласына барып, 19 наурызда оралған. Сапардан оралған соң оған 2 апта үй карантинінде болу туралы нұсқау берілген. Алайда бірнеше сағаттан соң тәртіп бұзушы Сингапур аумағынан қайта шығып кеткен. Сингапурдың Көші-қон және бақылау басқармасының мәліметінше, ол дәл сол күні Индонезияға оралған. Араға бір апта салып азамат Сингапур аумағына қайта кірмек болыпты. Алайда ел билігі оның әрекетінің қоғамға тигізер зардабын ескеріп, азаматтың төлқұжатын жарамсыз ету жөнінде шешім қабылдаған. Айта кетейік, Қазақстанда да төтенше жағдай режимі аясында енгізілген шектеулерге бағынбағандар жазаланады. Бұған дейін үйінде той жасаған қызылордалық қамауға алынғанын хабарлағанбыз.