Батысқазақстандық кәсіпкер Birgemiz қорына 10 млн теңге аударды

Батысқазақстандық кәсіпкер Birgemiz қорына 10 млн теңге аударды

Батысқазақстандық кәсіпкер Birgemiz қорына 10 млн теңге аударды
ашық дереккөзі
Батысқазақстандық кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Нұрғазы Сәтбаев «Біз біргеміз!» акциясына қолдау білдіріп, арнайы қорға 10 млн теңге аударды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Н.Сәтбаев – өңірге танымал кәсіпкер, «Uniserv» ЖШС бас директоры. БҚО мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі. Н.Сәтбаев – өңірдің қоғамдық-саяси өміріне, қайырымдылық шараларына белсене араласатын халық қалаулыларының бірі. Депутат бұған дейін де әлеуметтік жағынан аз қамтылған бірнеше отбасына қолұшын созып, үй салып берген болатын. Айта кетейік, 28 наурыз сағат 17.00-дегі дерек бойынша Birgemiz қоғамдық қорының есеп-шотына 9 500 436 305 теңге түсті.