Екі мыңға жуық ауылда интернет жоқ – депутат

Екі мыңға жуық ауылда интернет жоқ – депутат

Екі мыңға жуық ауылда интернет жоқ – депутат
ашық дереккөзі
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Майра Айсина қазақстандықтардың интернетке қолжетімдігі туралы айтты. ҚР Әділет министрлігінде «Ауылдық елді мекендерде интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға қатысты ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Осы отырыста Майра Айсина: «Қазақстандағы цифрландырудың негізі – жаңа технологияларды қолдану арқылы барлық салаларды цифрландыруды жеделдетуге мүмкіндік беретін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы. Осы бағдарламаның бес бағытының үшеуі ел аумағында жылдам әрі қауіпсіз интернеттің, сондай-ақ сапалы ұялы байланыстың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге қатысты болды. Бұл міндет еліміздегі 117 қалада орындалды, оның ішінде 10,4 млн тұрғыны бар 88 қала мен 29 ауыл бар. Ал аймақтардағы елдімекендерге қатысты бұлай айта алмаймыз», – деп атап өтті. Оның айтуынша, 250 және одан көп адам тұратын 800 ауылда интернет жоқ. «Елімізді интернетпен қамтамасыз етуге ширек ғасыр кетті. Енді мемлекеттің міндеті – қай жерде тұратынына қарамастан, барлық қазақстандық үшін ІТ технологиясы қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Егер осы қарқынмен жүре берсек, бізге тағы қанша жыл керек екенін болжау қиын болады. Сондықтан барынша қысқа мерзім ішінде еліміздегі 250 және одан көп адам тұратын 800 ауылға интернет қосуымыз керек. 2022 жылдың аяғында 50 және одан көп адам тұратын 885 ауылға интернет қосуымыз керек», – дейді ол. Депутат бүгінгі таңда 720 мемлекеттік қызмет электронды форматта қолжетімді екенін тілге тиек ете отырып: «Бұл қызмет түрлерін интернеті бар тұрғындар ғана тұтына алады. Ал қазіргі уақытта әрбір оныншы қазақстандықта мұндай мүмкіндік жоқ», – дейді депутат.