Үйде отырыңыз: елімізде шетелге шықпай-ақ коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Үйде отырыңыз: елімізде шетелге шықпай-ақ коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Үйде отырыңыз: елімізде шетелге шықпай-ақ коронавирус жұқтырғандар саны артуда
ашық дереккөзі
ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте елімізде шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсіп жатқанын айтты. «Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстарының үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген жерде жұғуы мүмкін дегенді білдіреді. Көп адам бұл ескертуге салғырт қарайтынын көріп отырмыз. Мысалы, кеше – бір күн ішінде ғана төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 237 адам жауапқа тартылса, оның 74-і қамауға алынды. Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды», – деді министр.