Әлем бойынша коронавирустан 25 мың адам көз жұмды

Әлем бойынша коронавирустан 25 мың адам көз жұмды

Әлем бойынша коронавирустан 25 мың адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Коронавирус пандемиясы әлем бойынша 25 мың адамның өмірін жалмады. Соның ішінде Еуропа қатты зардап шекті, ол жақта осы дерттен 17 314 адам қаза тапты, – деп жазды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Коронавирус салдарынан көз жұмғандардың саны бойынша бірінші орында Италия (9 134), одан кейін Испания (4 934) мен Қытай (3 292) тұр. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап әлем бойынша 600 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Қазіргі уақытта АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды, жұма күні АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып кетті. Бұл мемлекетте 1300-ден астам адам көз жұмды. Президент Дональд Трамп коронавирус пандемиясы салдарымен күресу үшін трлн доллар бөлу туралы шешім қабылдады. Өткен тәулікте Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны 969-ға жетті. Италия билігі жаңадан ауырғандар саны азайып келе жатқанын, бірақ көз жұматындар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Бұл мемлекетте бір тәулікте ауру жұқтырғандар саны 712-ге жеткен. Италия Батыс мемлекеттері ішінде алғашқы болып қатаң карантин режимін енгізді және адамдардың үйден шығуын шектеді. Аталған мемлекетте коронавирсутан көз жұмғандар саны 4 934 адамға жетті. Испанияда ауру жұқтырған 64 059 жағдай анықталды. Бұл бұған дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 7871-ге көп. Бұл мемлекетте төтенше жағдай режимі 12 сәуірге дейін созылып, елдегі дүкендердің, мекемелердің және компаниялардың басым бөлігі жабылды. Испанияның Денсаулық сақтау министрі жағдай қалыпқа келе жатқанын айтты.