Biz birgemiz: ардагерлерге күн сайын ыстық тамақ жеткізілмек

Biz birgemiz: ардагерлерге күн сайын ыстық тамақ жеткізілмек

Biz birgemiz: ардагерлерге күн сайын ыстық тамақ жеткізілмек
ашық дереккөзі
Карантин кезеңінде егде жастағы жалғызбасты адамдарға азық-түлік сатып алу және тамақ дайындау қиындық тудырады. Осыған орай, «#Biz birgemiz!» акциясы мен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қаласы әкімдігі және Nomad MMA Қазақстан республикалық федерациясы 27 наурыздан бастап 90 жастан асқан жалғыз басты қарт адамдардың үйіне тегін ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастыруда.  width= Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен партиялық жобалардың аясында 18 наурыздан бастап «#Biz birgemiz!» акциясы басталды. Қазіргі уақытта «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалымен мыңнан астам көмекке зәру қала азаматтарына жәрдем көрсетілді. «Қазіргі қиын-қыстау сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды қолдауға шақырды. Бұл орайда біз – NOMAD MMA Федерациясы, Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы және Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы бірлесе отырып, «#Biz birgemiz!» акциясын қолдау мақсатында карантин кезеңінің аяғына дейін 90 жастан асқан барлық жалғыз басты қарт адамдарды күн сайын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосайық деп шештік. Қазір бұл адамдарға көмек қажет, олар тамақ дайындауға шамасы жоқ. Біз көмек қажет болған кезде шет қалмаймыз және барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз», – деді Nomad ММА Республикалық Федерациясының Президенті Гаджи Гаджиев.  width= «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері де күн сайын аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетіп жүр. Арнайы шотқа қаражат бөлген кәсіпкерлер де шетте қалмай, қомақты үлес қосуда. Біз біргеміз!», – деді Мәди Ахметов, «Jas Otan» ЖҚ Алматылық филиалының төрағасы. Өз кезегінде тыл фронтының ардагері Оразкүл Мамисерова ыстық тамақ түрінде көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. «Nur Otan» партиясына рақмет. Сіздер ешқашан ардагерлерді ұмытқан емессіздер. Бұл шынымен де сенуге болатын партия. Елбасы мен Президентімізге бізге арнап жасап жатқан қамқорлығы үшін мың алғыс!», – дейді қария. Бұл акция аясында карантин кезеңінің аяғына дейін күн сайын 400-ден астам қарияны ыстық тамақпен қамту жоспарланған.