Елордада сауда үйінен әйел адамның денесі табылды

Елордада сауда үйінен әйел адамның денесі табылды

Елордада сауда үйінен әйел адамның денесі табылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі «Әлем» сауда үйінде қайтыс болған әйел туралы түсініктеме берді.  Бүгін әлеуметтік желіде «Әлем» сауда орталығында бір әйелдің қайтыс болғаны туралы видеожазба пайда болды. «27 наурыз күні сағат 12.27-де «Әлем» сауда үйінің бірінші қабаттағы павильонында 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Мәйітте ешқандай дене жарақаты болмаған. Оның жеке заттарын тексеру барысында бас айналудан, бүйректің созылмалы қабынуынан, гипертония мен бас ауруларынан таблеткалар табылды», - делінген депаратменттің ресми хабарламасында. Сонымен бірге, марқұмның қант диабеті және артериалдық гипертензия аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрғандығы анықталды. «Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - дейді департаменттің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Эльмира Шауленова.