Айдос Үкібай Елбасының қандай іспен айналысып жатқанын айтты

Айдос Үкібай Елбасының қандай іспен айналысып жатқанын айтты

Айдос Үкібай Елбасының қандай іспен айналысып жатқанын айтты
ашық дереккөзі
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі уақытта қандай іспен айналысып жатқанын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады. «Бүгінде мемлекет Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіні қамтамасыз ету үшін маңызды шаралар қабылдауда.  Осы орайда, ел тұрғындары мемлекетіміздің болашағы олардың мамандар ақыл-кеңесін қалай орындайтынына байланысты болмақ. Азаматтарымыздың көпшілігі өзінің және жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарайтыны қуантады», – дейді Айдос Үкібай. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жағдайды жіті бақылап отыр. «Елбасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасынан өзекті ақпараттарды алып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев маңызды саяси шешімдерді талқылауға қатысып, ел Президентіне қолдау көрсетуде. Сондай-ақ, Елбасы аймақтардағы тұрғындарға көмек көрсету ісімен айналысып жатқан Nur Otan партиясының жұмысына жетекшілік жасап отыр», – дейді Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы.