Елордада облыстық аурухана карантинге жабылды

Елордада облыстық аурухана карантинге жабылды

Елордада облыстық аурухана карантинге жабылды
ашық дереккөзі
Манас көшесінде орналасқан №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарланы.  Бір-бірімен қарым-қатынаста болған барлық тұлғалар карантинге жіберілді. Аурухана ішіне түгел дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды. Бұған дейін №1 автобус паркі карантинге жабылғанын хабарланған. Автопарктың барлық аумағына, автобустарға дезинфекция жүргізілді. Бір-бірімен байланысқа түскен адамдар стационарға жатқызылды. Айта кетейік, 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап халық көп жиналатын орындар - саябақтар, скверлер, жағалаулар, ойын алаңдары және т.б. жабылады. Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық (отбасы мүшелерінен басқа) топтасып жиналуға тыйым салынады. Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз қалада жүруіне тыйым салынады. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қызмет алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі.