Германияға жеке ұшақпен барып келген сот төрағасының ісі тексерілуде

Германияға жеке ұшақпен барып келген сот төрағасының ісі тексерілуде

Германияға жеке ұшақпен барып келген сот төрағасының ісі тексерілуде
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздігімен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласы сот төрағасы Тілектес Барпибаевқа қатысты жайтты тексеруді бастады.  "Тексеру барысында жеке ұшақты бизнесменнің жалдағаны анықталды. Аталған бизнесмен Барпибаевтың (құдасы) туысы болып отыр. Ұшақ Германияда медициналық операция жасау үшін жалданған. Бұл тұрғыда Жоғарғы сот комиссиясы Барпибаевтың судья этикасы талаптарын сақтауын тексеруде. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 13 наурызда Германияда Қазақстан азаматы коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген расталған болатын. "Германиядағы Қазақстан елшілігіндегі дипломаттарымыздың біріне ата-анасының қонаққа барғанын растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус жұқтыру белгілері байқалып, ауруханаға жатқызылды", - деген болатын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Кейіннен бейресми ақпарат көздерінде бұл азамат Нұр-Сұлтан қалалық сот төрағасы Тілектес Барпибаев екені жарияланды.