Президент коронавирустан көз жұмған әйелдің туыстарына көңіл айтты

Президент коронавирустан көз жұмған әйелдің туыстарына көңіл айтты

Президент коронавирустан көз жұмған әйелдің туыстарына көңіл айтты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан көз жұмған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты.  "64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын", - деп жазды Тоқаев Twitter-де. Ол елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданғанын еске салып өтті. "Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз", - деді президент. Еске сала кетейік, кеше төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен болатын.  Комиссия шешімі бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантиндік режим күшейтілді. Шымкент қаласында бірқатар шектеулер енгізілді.