Қытайдан асып түсті: АҚШ-та 82 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қытайдан асып түсті: АҚШ-та 82 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қытайдан асып түсті: АҚШ-та 82 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 82 040 адамға жетті. Америкадағы індет жұқтыру деректері Қытайдағы көрсеткіштен асып кетті. ҚХР-да 81782 науқас тіркелген. ВВС агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп елдің коронавирус жұқтыру оқиғалары бойынша әлемде алдыңғы орынға шығуын тұрғындарың жаппай тестілеуден өткізілуімен байланыстырып отыр. Нью-Йорктің өзінде ғана ауру жұқтырған 30 мыңнан астам адам тіркелді. Кеселге шалдығу оқиғалары елдің барлық 50 штатында тіркелген, одан көз жұмғандар саны 1000 адамға жетті. Бұған дейін АҚШ Сенаты ел экономикасын қолдау үшін екі триллион доллар бөлу туралы заң жобасын қабылдаған. Бұл Америка тарихында үкімет көрсетіп отырған ең көлемді пакет – АҚШ-тың әрбір ересек тұрғыны 1200 доллар көлемінде біржолғы көмек алатыны шамаланған. Сондай-ақ, шағын компанияларға жалақы төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қаржылық демеу көрсету қарастырылған. АҚШ-та коронавирус індеті өршігеннен кейін жұмыссыз адамдардың саны артып, 3,3 миллионға жетті.