26 Наурыз, 21:09 2379 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы екі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар