Қазақстанда коронавирустан бір адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан бір адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан бір адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Елімізде коронавирус індеті жұқтырған науқастардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.  «Өкінішке қарай бүгін коронавируспен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», - деді министр «Хабар 24» арнасында онлайн режимде өткен брифингте. Бұған дейін елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 109 адамға жеткенін хабарлағанбыз. Нұр-Сұлтан қаласында - 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам тіркелді.