Birgemiz: Damu Logistics акционері коронавируспен күреске 30 млн теңге бөлді

Birgemiz: Damu Logistics акционері коронавируспен күреске 30 млн теңге бөлді

Birgemiz: Damu Logistics акционері коронавируспен күреске 30 млн теңге бөлді
ашық дереккөзі
Елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты қазақстандық компаниялар мемлекет қабылдаған шектеу шараларын қатаң орындап, күрделі кезеңде өз қызметкерлерінің денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын қорғауға барынша күш салуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономикалық қиындықтарға қарамастан жұмыс орындарының сақталуына айрықша көңіл бөліп жатқан кәсіпорындардың бірі – Damu Logistics индустриалды-логистикалық компаниясы. Компания өз қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етті. Сақтық шараларын күшейткен кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік қорғалуын да назардан тыс қалдырған жоқ. Жыл басында жалақылары көбейген компания қызметкерлері еңбекақыларына уақытылы қол жеткізіп, түрлі әлеуметтік жеңілдіктердің де игілігін көруде. Damu Logistics Елбасының елдегі ірі бизнес өкілдеріне жолдаған үндеуіне де үн қосты. Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания акционері Сәкен Тойлыбаев коронавируспен күрес жұмыстарына арналған Birgemiz қорына 30 млн теңге аударды. «Мұндай сәтте ешкім ортақ істен сырт қалмауы керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл да өтпелі кезең», – деді Сәкен Тойлыбаев.