Biz birgemiz: Nur Otan 11,6 мың отбасыға көмек көрсетті

Biz birgemiz: Nur Otan 11,6 мың отбасыға көмек көрсетті

Biz birgemiz: Nur Otan 11,6 мың отбасыға көмек көрсетті
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қоры коронавирус кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін қаражат бөлді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында хабарлады. "Тек соңғы 6 күнде бүкіл ел көлемінде 11 600-ден астам отбасыға 214 млн теңгеге көмек көрсетілді. Жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген «Jas Otan» волонтерлары мен белсенді нұротандықтарға алғыс айтамын", - деп жазды Бауыржан Байбек.  width=