Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, арнайы хат жолдады.  "Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам", - делінген АҚШ басшысы жолдаған хатта. Дональд Трамп Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын нығайта түсуге мүдделі екенін жеткізді. "Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің американдық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін", - деп жазды АҚШ басшысы.  width=