Карантин: Бүгіннен бастап Алматыда жаңа шектеулер күшіне енді

Карантин: Бүгіннен бастап Алматыда жаңа шектеулер күшіне енді

Карантин: Бүгіннен бастап Алматыда жаңа шектеулер күшіне енді
ашық дереккөзі

Бүгіннен бастап карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енді.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Коронавирусқа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болды. Қауіпті жете түсінбеу — жауапсыздық және қылмыспен пара-пар. Өкініштісі сол, карантинге немқұрайлы қарап, шектеу шараларын сақтамай, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккен жандар азаймай тұр. Жұмысын жалғастырып жатқан спорт залдары мен мейрамханалар, санитарлық нормаларды сақтамаған азық-түлік дүкендері анықталды. Мамандардың сөзіне құлақ аспай, көшеде қыдырып жүрген тұрғындар да бар. Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады. Бұл ретте төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штабтың өкілдері қосымша шектеу шараларын қарастыруда", - деген шаһар басшысы қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне өзгеріс енгізілетінін айтты.

Яғни 26 наурыздан бастап, қалада қоғамдық көлік қозғалысы сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ғана жүреді.

Сондай-ақ, штабтың шешімімен негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылады.

"Бұл шешім тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қоймайды", - деді Сағынтаев.

Айта кетейік, елімізде COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғандар саны 88-ге жетті.