Әлемде коронавирустан 21 400 адам көз жұмды

Әлемде коронавирустан 21 400 адам көз жұмды

Әлемде коронавирустан 21 400 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Дүниежүзінде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 475 мыңнан асып жығылды. Соңғы тәулікте кеселден 2400-ден астам адам көз жұмды.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегіне сүйенсек, әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны 475 087-ні құрады. Статистика бір тәулікте 50 865 адамға артып отыр. Індеттен көз жұмғандар саны 21 400-ге жетті. Соңғы тәулікте коронавирустан 2407 адам қайтыс болған. Ал дерттен жазылып шыққандар саны –110 658, олардың 4852-сі  –соңғы тәулікте ауруханалардан шығарылғандар.  Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жеткенін хабарлағанбыз.  Соңғы дерек бойынша, кеселді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жұқтырды.