Төтенше жағдай тәртібін бұзғандарға 3 миллион теңге айыппұл салынды

Төтенше жағдай тәртібін бұзғандарға 3 миллион теңге айыппұл салынды

Төтенше жағдай тәртібін бұзғандарға 3 миллион теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы елордада төтенше жағдай режимін бұзған 83 адам жауапқа тартылғанын мәлімдеді. ҚазАқпарат ұсынған ақпаратта, елімізде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап елордалық құқық қорғаушылар 113 адамды, оның ішінде 29 адамды – заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін, 83 тұлғаны –  төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін және 1 адамды төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартқан. «Әкімшілік материалдарды қарау нәтижесінде 99 тұлғаға жалпы сомасы 3 088 415 теңге әкімшілік айыппұл салынып, 14 адам тұтқынға алынды. Бұған қоса, сот мемлекет кірісіне 1 725,7 литр антисептик пен 15 923 дана медициналық маска тәрткіледі. Елорданың барлық өкілетті органдары Мемлекет басшысының жарлығында және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ережелерінде бекітілген шаралар мен уақытша шектеулердің сақталуын қадағалауда», – деп атап өтті елордалық прокуратурадан.