Блок-бекетте көлік тонап жүрген қары қолға түсті

Блок-бекетте көлік тонап жүрген қары қолға түсті

Блок-бекетте көлік тонап жүрген қары қолға түсті
ашық дереккөзі
Алматыда блок-бекетте көлік тонаумен айналысқан адам қолға түсті. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Жандосов көшесіндегі блок бекетте Ақжар шағын ауданында болған. 31жастағы ер адам «SsangYong» көлігінің иесі алыстап кеткенін байқап, бүйірдегі терезесін сындырып, кейс, ноутбук, зат толы сөмкесін алып кеткен. Көлік иесі бірден полицияға шағымданды. «Күдікті бірнеше сағат ішінде ұсталды. Заттық айғақтар қолында болған. Оны сатып үлгермеген. Қазір ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды», – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов. Полиция азаматтарды оңай олжа іздеушілерден барынша абай болуға шақырады.