«Nur Otan»: Игілікті істер партиясы

«Nur Otan»: Игілікті істер партиясы

«Nur Otan»: Игілікті істер партиясы
ашық дереккөзі
Нұротандықтар «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында тұрғындарға көмек көрсетуді жалғастыруда.  width= ­ Ең алдымен қажет азық-түлік пен гигиеналық тауарлар ғана емес, ауылшаруашылық өнімдері де жеткізіліп берілуде. Қарағанды облысы бойынша фермерлер Одағының төрағасы Игорь Жабяк 2000 келі картоп, «Волынка» шаруа қожалығының басшысы Данияр Сәкенов азық-түлік жиынтықтарын, ал кәсіпкер Айдын Албақай 5000 келі сиыр етін бөлді.  width= Сиыр еті көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және жалғыз басты қарт адамдарға таратылды. Осылайша мың отбасы қамтылды. ­ «Мен өзім көпбалалы ана болғандықтан, көмек пен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Ең бастысы, осындай уақытта туған-туысқандарды ғана емес, бір-бірімізді де сақтауымыз керек», – деп атап өтті Меруеш есімді көпбалалы ана.  width=